Түркістан облысының
Бірыңғай жастар ақпараттық порталы
1303 call center
Күнделікті: 9:00-19:00
Сенбі, жексенбі демалыс

«ТЕРЕҢ ТАРИХТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!»

«ТЕРЕҢ ТАРИХТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!»

«ТЕРЕҢ ТАРИХТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!»

Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 17-қараша «Халықаралық студенттер күніне» орай «ТЕРЕҢ ТАРИХТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!» aтты Түркістан облысы әкімінің жүлдесі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтуде.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында жастардың бойында коммуникативтілікті арттыру, командада жұмыс істей білу, сыни ойлау, ораторлық қасиеттерін дамытып, жастарға Түркістан қаласының тарихын тереңінен таныту мақсатында өтіп жатқан турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен тәжірибелі төрешілер мен жас пікірсайысшылар қатысуда.

Республикалық, аймақтық, қалалық турнирлер, ауқымды жиындар сөз көкпары болашақтың баяндылығы үшін қоғамды сауаттылыққа, достыққа шақырып, жастардың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын сезінуге, руханият пен білімге сусындауға ықпал етеді. Екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» десе, пікірсайыс сол дамудың даңғыл жолын көрсетеді.

Турнир барысында тақырыпқа сай мемлекеттік маңызы бар мәселелер жастардың көзқарасымен талқыланып, оларды шешу бағытында тың идеялар мен механизмдер ұсынылмақ.

Үздік фракциялар мен спикерлер форматқа сай төрешілердің шешімімен анықталып, 700 000 теңге жүлде қорымен марапатталмақ. Анығында: 1 - орын- 300 000 тг, 2 - орын-200 000 тг, 3 - орын- 100 000 тг және «Үздік спикер»- 50 000 тг, «Үздік төреші»- 50 000 тг қаржылай сыйлықтарға ие болмақ.

Жалпы турнирге республиканың барлық аймақтарынан 75 команда (2 адамнан) 150 қатысушы қатысты.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ баспасөз-қызметі

А. Алишер 8 /7252/ 39 55 49, 8 778 159 83 27

106

Тағы да оқыңыз