Түркістан облысының
Бірыңғай жастар ақпараттық порталы
1303 call center
Күнделікті: 9:00-19:00
Сенбі, жексенбі демалыс

«Шаңырақ» жас отбасылар мектебі

«Шаңырақ» жас отбасылар мектебі

ОҚО облысының «Жастар ресурстық орталығында» 2017 жылдың 13 қыркүйек күні Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың қатысуымен «Шаңырақ» жас отбасылар мектебі ашылды.

Қазіргі кезде отбасын құру және өмірлік жарды таңдау қиынға соғады. Өйткені қазіргі жастарда, отбасы, неке туралы түсінік азын-аулақ. Сондықтан да, қазіргі таңда, осының салдарынан ажырасу көбейіп келеді. Жастарды отбасы өміріне дайындаудың маңызы өте зор. Бүгінгі күнде отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес олардың психологиялық даярлығы да маңызды орын алады.

ОҚО облысының «Жастар ресурстық орталығында» 2017 жылдың 13 қыркүйек күні Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың қатысуымен «Шаңырақ» жас отбасылар мектебі ашылды.

Бүгінгі таңда, «Шаңырақ» жас отбасылар мектебінің 9 күн 32 сағат оқыту курсынан 30 қыз өтті. “Үйлесімді отбасы” тақырыбында оқыту курсынан өткендігі үшін сертификат берілді. Жыл соңына дейін 90 қызды оқыту жоспарлануда.
962

Тағы да оқыңыз

Zhaslife
Біздің жастар порталында
сіздерді көруге қуаныштымыз!
Барлық пайдалы және қызықты
мәліметтер 24/7 жұмыс тәртібінде