Түркістан облысының
Бірыңғай жастар ақпараттық порталы
1303 call center
Күнделікті: 9:00-19:00
Сенбі, жексенбі демалыс

Түркістанда алғаш рет Республикалық «Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы» атты жас псиxологтар форумы өтті

Түркістанда алғаш рет Республикалық «Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы» атты жас псиxологтар форумы өтті

Түркістанда алғаш рет Республикалық «Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы» атты жас псиxологтар форумы өтті

Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен «ReFrame» тұлғалық дамыту орталығы және «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық коғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 29 қараша күні, Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы» тақырыбында Республиканың барлық аймақтары, аудан, қалалық білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының және тәжірибелі психолог мамандардың қатысуымен Республикалық жас психологтардың форумы өтті.

Елбасымыз кешегі өткен VIII Азаматтық форумда «Мені толғандыратын мәселелердің бірі - ажырасу. 1 млн 500 неке болды, ажырасудың 25-30% - ы. Неге ажырасады? Өйткені біз мектептерде балаларды осы тақырып бойынша жоғары сыныптарда оқытпаймыз: қарым-қатынас, ерлер мен әйелдердің өсуі, қалай жүкті болады, тағы сол сияқты дүниелерге. Психологияны өзгерту керек. Мектептерде жұмыс жүргізу керек. Мұның ұят ештеңесі жоқ. Бұл барлық адамға керек дүние. Сондықтан мен осыған назар аударуды ұсынамын».-деп атап өткен болатын.

Форумда жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу бойынша жаңа әдістемелік жинақ шығару және психолог мамандардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету және шығармашылық жаңалықтар, идеялар мен тәжірбиелер алмасуына қолайлы алаң жасау басты назарға алынды.

Форумда "Жастар арасында құқықбұзушылық пен зорлық зомбылықтың алдын алу" тақырыбы бойынша Мәскеулік заманау НЛБ институтының ректоры, ресейдің ең атақты НЛБ тренеры - Пелехатый Михаил Михайлович,"Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында Алматы қаласы, «Қазақ психологиялық қоғамы»Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, п.ғ.д., профессор - Перленбетов Мұқан Әтенұлы,"Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктілік мәселесін болдырмау жолдарын ұсыну" үшін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің профессоры, Phd докторы -Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы, "Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау тәсілдері" тақырыбында Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Педагогикалық ғылымдар кафедрасы, п.ғ.д., профессор Атемова Қалипа Тұрсынқызы, "Білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет сапасын жоғарылату" бойынша Шымкент қаласы, «REFRAME» Тұлғалық дамыту орталығының басшысы,тренер-психолог– Вероцкая Гульжан Ералықызы әр аймақтан келген псиxолог мамандарға лекция оқып,біліктілігін арттыру бағдарламаларын жүргізіп,секциялық жұмыс барысында осы мәселелердің шешу жолдарын талқылап, ұсыныстар қалыптастырды.

Форум нәтижесінде Қазақстан Республикасында әр саладағы психологиялық қызмет сапасы мен психолог маманының мәртебесі туралы заңнамалық құжаттарымен қатар нормативтік құқықтық актілерінің жаңа үлгісін даярлауды қолға алып, Психологиялық кызметте инновациялық тәсілдерді қолдану барысында ғалымдар мен мамандар даярлаған отандық психодиагностикалық және психокоррекциялық қор дайындау туралы шешім қабылданды.

50

Тағы да оқыңыз