Оңтүстік Қазақстан облысының
Бірыңғай жастар ақпараттық порталы
1303 call center
Күнделікті: 9:00-19:00
Сенбі, жексенбі демалыс

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» қоржынына тағы бір жаңа мектеп қосылды

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» қоржынына тағы бір жаңа мектеп қосылды

Облыстық "Жастар ресурстық орталығы" жастарға тағы бір қадамға жақындады.

Қазіргі уақытта орталықта әртүрлі үйірмелер мен мектептер ашылған. Соның бірі «Жас МЕДИА» мектебі. Мектеп жас журналистерді қолдау мақсатында ашылған. 2017 жылғы 2 қарашада «Жас МЕДИА» жас журналистер мектебінің ресми ашылуы өтті. Ашылу салтанатына танымал тележүргізушілер Санди Сұлтан мен Гүлназ Ауданбаева қатысып, SS Lab телезертханасымен меморандумға қол қойылды. Болашақта мектеп көптеген адамдарға журналистика саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жастарға қолдау көрсететін мекеме болғандықтан, барлық мектептер тегін негізде жұмыс жасайды. Бұл біздің облыстың жастары үшін үлкен қолдау, зор мүмкіндік.

Кез келген жас журналистер мектебінің қатарына кіре алады. Сабақтар әр жексенбі сағат 15: 00-де өткізіледі.
801

Тағы да оқыңыз

Zhaslife
Біздің жастар порталында
сіздерді көруге қуаныштымыз!
Барлық пайдалы және қызықты
мәліметтер 24/7 жұмыс тәртібінде