Түркістан облысының
Бірыңғай жастар ақпараттық порталы
1303 call center
Күнделікті: 9:00-19:00
Сенбі, жексенбі демалыс

Жастар «Бойжеткен» бейнефильмі көруде

 Жастар «Бойжеткен» бейнефильмі көруде

Білесіз бе, «Оңтүстік жастары» жобасы аясында жыл сайын дәстүрлі түрде жастарға арналған танымдық, тәрбиелік, көрсетілімі көп көркемфильмдер түсіріледі. Мәселен осыған дейін, 2,7 млн көрсетілімі болған «Hello ауыл» фильмі, одан соң 49 мыңнан астам көрсетілімі болған «Жанұя» толықметражды көркемфильмі жастар назарына ұсынылған. Көрген боларсыздар?

Ал кеше тағы бір туындының тұсауы кесілді. Фильм жастар арасындағы суицидтің, ертежүктіліктің алдын алу және оңтүстіктің туризмін насихаттау бағытында мелодрама жанрында түсірілген. Фильмнің ресми атауы «Бойжеткен» деп аталады.

«Бойжеткен» бейнефильмінің түсірілуінің негізгі мақсаты: фильм студенттік өмірді көрсететін туынды, жастар арасында кездесетін көптеген қайшылықтар мен қиындықтарға бірден берілмей, оған қарсы күресуге шақырып, жастарға өмірлік тәлім-тәрбие береді

Аталмыш фильмде «Майдангерлер», «Hello ауыл», «Өмірдің өзі новелла - 1», «Өмірдің өзі новелла-2», «Жанұя» фильмдерінде басты және екінші рөлдерді сомдаған Оңтүстіктің актрисасы – Азиза Түлкібаева, «Өтелмес борыш», «Әпке», «Көке» телесериалы, «Жастық шақ», «Келін», «Тағдыр оққысы», «Майдангерлер», «Айти молодец», «Ерлік» фильмдерінде басты және екінші рөлдерді сомдаға актриса – Береке Спатова және Бағлан Жолдасов, Абай Әбдіұлы, Ұлан Мықтыбек, Нұрдос Насырла, Жүсіп Ақшора ойнайды.

Фильмнің жалпы ұзақтығы 1:05 сағат.
1 407

Тағы да оқыңыз