Түркістан облысының
Бірыңғай жастар ақпараттық порталы
1303 call center
Күнделікті: 9:00-19:00
Сенбі, жексенбі демалыс

Өзбек драматургы Х.Хурсандовтың «Өлдік те, құрметті болдық» атты комедиялық қойылымын

Өзбек драматургы Х.Хурсандовтың «Өлдік те, құрметті болдық» атты комедиялық қойылымын

Күн салқындап, жұмыс пен оқу қабаттасып, жеке өміріңе уақыты болмай кеткен жастарға арнайы «ONTUSTIK» жастар театры өз қойылымын ұсынды. Аталмыш театр Халықаралық Студенттер күні қарсаңында өзбек драматургы Х.Хурсандовтың «Өлдік те, құрметті болдық» атты комедиялық қойылымын көрсетті. Көпетеген жастар бір топ достарын ертіп, облыстық «Жастар ресурстық орталығына» келді.

«Өлдік те, құрметті болдық» атты комедиялық қойылымның мақсаты: қазіргі қоғамда өмір сүріп келе жатқан жастарды ата-ананың қадірі, оларды өлген соң өкініп іздемей, тірі кезінде ардақтап өтуге, күйбелең тіршілік қамымен оларды жалғыз қалдырмай, бір сәт болсын көңіл бөліп, іздегенде жанынан әр сәт табылуға, қартайған сәттерінде өмірдің бар бақыты балаларының жанында болуына мүмкіндік беруге, олардың жабырқау көңілдеріне қаяу мұң түсірмей, көрген бейнеттерінің зейнетін көрсетеді.

Спектакль кейіпкерлері Мәулен ата – басты кейіпкер, өзін өлді деп, балаларына хат жазып, жаназасына кімнің келіп, кімнің келмейтінін біліп алмақшы болған шал, Айдана – Мәуленнің әйелі, Әуез – Мәуленнің досы, әрі көршісі, Сұлтан – Мәуленнің үлкен ұлы, Дастан- Мәуленнің кіші ұлы, Гулистан – Мәуленнің қызы, Шурик – жалдамалы жоқтаушы, өкіл.

Қойылым 1 сахнадан, 4 эпизодтан тұрады. Ондағы актерлар осы «ONTUSTIK» жастар театрның актерлары.

«ONTUSTIK» жастар театры осыдан 1 жыл бұрын облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған.
952

Тағы да оқыңыз

Zhaslife
Біздің жастар порталында
сіздерді көруге қуаныштымыз!
Барлық пайдалы және қызықты
мәліметтер 24/7 жұмыс тәртібінде