Түркістан облысының
Бірыңғай жастар ақпараттық порталы
1303 call center
Күнделікті: 9:00-19:00
Сенбі, жексенбі демалыс

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай, облыс жастарының арасында «Түркістан жастар премиясы» байқауының ережесі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай, облыс жастарының арасында «Түркістан жастар премиясы» байқауының ережесі

«БЕКІТЕМІН»

Түркістан облысы әкімінің орынбасары

_________________Е.Садыр

«___»____________2018 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 27 ЖЫЛДЫҚМЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, ОБЛЫС ЖАСТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА «ТҮРКІСТАН ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер:

Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекетік мекемесі аталған «Түркістан жастар премиясы» байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейді (ары қарай – Байқау).

2.Мақсаты мен міндеті:

-Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және кеңінен насихаттау;

-Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау;

-Жастардың ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметіне облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсету, олардың шығармашылық ізденістеріне, қоғамдық бастамаларына және тұлғалық қалыптасуына кеңінен мүмкіндіктер ашу.

-Еліміздегі түрлі салалардың дамуына еңбек сіңіріп жүрген жастарды қанаттандыру, дарындылығымен, қабілеттерімен көзге түскен жас буынды ынталандыру, ерен еңбегін облыстық деңгейде тиісті деңгейде бағалау;

-Жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өміріне белсенділігін арттыру.

3. «Түркістан жастары» премиясы келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

Аудан, қала жастары арасындағы аталымдар:

1.«Үздік жас жазушы»

2.«Үздік жас айтыскер ақын»

3.«Үздік Жастар ресурстық орталығы»

4.«ҮздікЖастар ресурстық орталығының психолог маманы»

5.«Үздік жас дәрігер»

6.«Үздік жас өндіріс маманы»

7.«Үздік жас ерікті»

8.«Үздік жас суретші»

9.«Үздік жас спортшы»

10.«Үздік жас кәсіпкер»

11.«Үздік жас актер»

12.«Үздікжас пікірсайысшы»

13.«Үздік қоғамдық ұйым»

14.«Үздік жайдарманшы»

15.«Үздік шығармашылық ұжым»

16.«Үздік жас дизайнер»

17.Үздік «SMM менеджер»

18.«Бейбіт өмір батыры»

Облыстық бұқаралық ақпарат өкілдері арасындағы аталымдар:

1.«Үздік жас фото-тілші»

2.«Үздік жас тілші»

3.«Үздік жастар теле бағдарламасы»

4.«Үздік жас блогер»

Жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы аталымдар:

5.«Үздік жас ғалым»

6.«Үздік өзін өзі басқару ұйымы»

7.Жоғары оқу орнының «Үздік студенті»

8.Орта арнаулы оқу орнының «Үздік студенті»

9.«Үздік жас ұлан»

4. Ұйымдастыру комитеті:

1.Байқаудың ақпараттық-әдістемелік құжаттарын әзірлеу, келісу және тарату;

2.Байқауды дайындау және өткізудің барлық ұйымдастырушылық мәселелерін шешу;

3.Байқау туралы ақпарат дайындау және оны БАҚ пен интернет желілері арқылы тарату;

4.Байқауға қатысушылардың өтінімдерін қабылдау, іріктеу;

5.Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардан ұсынылған құжаттардың түпнұсқасын және қосымша құжаттарсұрату құқығы бар.

6.Қатысушылардың құжаттары Ереже шарттарына сәйкес келмесе, ұйымдастырушылар оларды қабылдамауға құқығы бар. Бұл туралы өтінім ұсынылған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде Байқау қатысушыларына мәлімденуі тиіс.

7.Комиссия құрамын ұйымдастырушылар анықтайды.

5.Байқауға қойылатын талаптар:

1. Байқауда қатысушының тек соңғы 3 жылғы жетістіктері қаралады;

2.Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын 29 жасқа дейінгі Түркістан облысының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер алады.

3. Сыйлық алуға кандидатураларды ұсынуды жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, білім беру мекемелері (жоғары, арнаулы орта оқу орындары), қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар бере алады.

4.Сыйлық беру туралы шешім тапсырыс берушінің арнайы әлеуметтік желілердегі парақшасындағы дауыс беру қорытындысы шыққан соң комиссия отырысының арнайы хаттамасымен қол қойылған кезден бастап күшіне енеді.

5. Қатысушылар 14 пен 29 жасқа дейін болуы тиіс (құжат тапсыру кезінде 28 жастан аспауы);

7. Номинациялар алуға ұсынылған кандидатуралар туралы дұрыс емес ақпарат ұсынылған жағдайда аталған байқауға қатысушы үміткерлер байқауға қатысуға жiберiлмейдi.

8. Комиссия мүшелері ізденушінің қыз­метін сипаттайтынқосымша ақпаратты сұратуға құқылы.

9. Бiр кандидатураны номинацияға қайта ұсынуға болмайды. Бiр кандидатура бiр номинация бойынша ұсынылады.

10.Байқау жеңімпаздарын марапаттау кезінде сыйлықтарды бөліп беруге немесе арнайы сыйлықтар тағайындауға құқылы

6. Байқауға қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:

1. Үміткердіңжеке куәлігінің көшірмесі

2. Үміткер анкетасы (ұсынылған үлгіге сәйкес толтырылады);

3.Өмірбаян(1 беттен артық емес);

4. Қатысушыға ұйым басшылығы және қызмет саласы бойынша сарапшы атынан сын-пікір, қолдау хат/ұсыныс хат;

5. Фотосуреттер (5 данадан артық емес шығарылған және электрондық түрде JPEG форматта);

6. Дипломдар, алғыс хаттар, марапаттау қағаздары, әр номинацияға байланысты жеткен жетістіктерін (жастарға арналған теле бағдарламалар,сюжеттер, фото-видео материалдар, шығарылған кітаптар, ғылыми жобалар, БАҚ шығарылымдары, спорттық жетістіктер - аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жеңіске жеткендігін) растайтын құжаттар, әлеуметтік жобалардың жарияланымдары, аудан, қалақосымша білім беру бағдарламаларын бітіргені туралы құжаттар, сертификаттар (көшірмесі, сканерленген нұсқасы); (құжаттардың түп нұсқасын көрсетуге міндетті).

7.Кандидаттың немесе кандидат туралы мақаланың, жарияланымдардың көшірмесі (болған жағдайда)

8. Өтінім үлгісіне сәйкес, құжаттарды презентация ретінде жіберу.

7. Байқаудың қазылар алқасы

1. Байқау қорытындыларын жасау бойынша қазылар алқасының отырысы құқықты болуы үшін жалпы санының 2/3 бөлігі қатысуы тиіс. Қазылар алқасы шешімі басым көпшілікпен қабылданып, хаттамамен рәсімделеді;

2. Байқауды Ұйымдастырушы комитеті мен Әділ қазылар алқасы қатысушылардың жеке мәліметтерін өңдеу барысында құпиялық сақтауы тиіс.

3. Қазылар іріктеген байқау үміткерлері онлайн дауыс беру кезеңіне жіберіледі. Онлайн дауыс беру Түркістан облысының http://www.zhaslife.kz/kk/ бірыңғай жастар ақпараттық порталында жүргізіледі.

4. Байқауға келіп түскен өтінімдерді қарастырады; Қазылар алқасы қатысушыларды 10 балдық жүйемен бағалайды;

8. Байқауды өткізілу тәртібі

1 кезең: 2018 жылғы 12 қараша күні «Түркістан жастар премиясы» байқауының пресс конференциясын ұйымдастыру. Ақпараттық хаттар, бейнеролик, афишалар тарату.

2 кезең: Өтінімдерді қабылдау уақыты 2018 жылғы 13-26 қараша күндері Түркістан облысының http://www.zhaslife.kz/kk/ бірыңғай жастар ақпараттық порталы арқылы қабылданады.

3 кезең: Қатысушылардың арасынан үміткерлерді анықтау үшін комиссия құрамының отырысын 2018 жылғы 26-28 қараша күндері өткізу.

4 кезең: Байқау үміткерлерінің әлеуметтік парақшалар арқылы қосымшада көрсетілген критерийлерге сәйкес, 2018 жылғы 28 қараша- 9 желтоқсан күндері жұмыс жүргізу.

5 кезең: Өтінімдерді қарастыру және интернет желісінде дауыс қабылдауға орналастыру. Іріктелген, үздік деп танылған 3 үміткерлерді 2018 жылғы 10-12 желтоқсан онлайн дауыс беру кезеңіне жіберу (http://www.zhaslife.kz/kk/)

6 кезең: Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

9.Өтетін күні және уақыты:

Жастар премиясын салтанатты табыстау рәсімі 2018 жылғы14-желтоқсан күні сағат 16:00-де Түркістан қаласы, «Мәдениет үйі» (нақты мерзімі қосымша хабарланады).

10. Ұйымдастырушылардың байланыс мәліметтері:

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і,Түркістан көшесі №1, talanttyzhastar@mail.ru электронды мекен-жайына, телефон: 8 \7252\ 39-55-60,

Қосымша ақпарат алу үшін 8-775-119-01-99 Балтабаева Жұлдыз (үйлестіруші)

223

Тағы да оқыңыз